ҰЛТ ҺӘМ ТУҒАН ТІЛ (Патшалық һәм бостандық заманында)
Шет ұлттар бейнетқорларының жазымын сатып, славян ұлтының жұмыскер қарашекпендері үшін бейне айырым бір мүлік жиған сияқты көрініп жалған саясаттар жүргізді. Іс жүзінде, әрине, бұнан дұрысында сондай бір мақсат жарыққа шыққан емес.
Ол қара славяншылықты өршітсе де, бейне тек қана славян байларының шат тұрмыспен дәурен сүрулері ыңғайына қарап іс етті. Бүтін Россияда болған, Россия халқының бірігуі миссионерлер қамы һәм басқалар сияқты зор ұйымдардың бары да қызметтерін осы бағытқа ғана сіңірді.
Һәм олар мемлекет бюджетінде зор шығындар жұмсалатын орындардан саналды, жалғыз ғана патша қазіретінің өзіне мәлім болған бұл шығындардың бәрі де жұмыскер қарашекпендер мен шет ұлттардың мойындарына келіп артулы еді.
Патшалық тәртібі гулеп тұрған замандағы іс басқарулар жоғарыда айтылған сияқты жырақта жатқан шет ұлттардың қараңғы таптарына білім, өнер сәулесін түсірмектен бетер, олардың ішкі, тысқы бүтін тобы ұлттық сақтауын жоққа шығарды. «Ұлт» сөзі құрғақ болып қана қалды.