Өмірбаяны

Ғ.Қарашқа Ордада ұйымдастырылған айына екі рет шығатын «Мұғалім» атты тәлім-тәрбие, ғылыми-пән журналының шығарушылар алқасын басқару жүктеледі. Бұл – тұңғыш қазақ кеңес педагогикалық журналы еді. Ғ.Қараш осы журналда «Педагогика» атты еңбегін жариялайды. 1919 жылы «Дұрыстық жолы» газетінің жұмысына оның алқа мүшесі және белсенді тілшілерінің бірі ретінде қызу атсалысқан.

1919 жылы Ордада қазақ жазушыларын біріктіретін алғашқы одақ негізін салып, «Дұрыстық жолы» газетін шығаруы, өзі туып, өскен өңірден «Қырқұдық» аталатын ауыл шаруашылық артелін ұйымдастыруы Ғұмардың ел үшін еткен өлшеусіз еңбектерін таныта түседі.